Түркістан облысында жаңа үлгідегі бағдаршамдар орнатылып жатыр

0
759

100 шақырымнан асатын 142 көшеге ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу жоспарланған.


Түркістан облысында жаңа үлгідегі бағдаршамдар орнатылып жатыр

Кентау қаласында жаңа үлгідегі бағдаршамдар орнатылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кентау қаласында бағдаршамдардың бағаналарын ауыстыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Жуық арада 11 көшенің қиылысына заманауи қондырғы қойлады. Бір үлгідегі бағаналар бұрынғы бетоннан жасалған қондырғыларға қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі аз орынды алады. Зағип жандарға арналған дыбысты бағдаршамдардың электр сымдары жер астынан өткізілген.

Жалпы, Кентау қаласында жыл соңына дейін 140-тан астам бағананы орнатып біту көзделіп отыр. Сондай-ақ Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары қарқын алуда. Құрылыс жұмыстары «Ауылым – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Ауылдағы 2,2 шақырымды құрайтын 6 көше жөндеуден өтеді. Құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталады.

Айта кетейік, Кентау қаласында барлығы 258 көшенің жалпы ұзындығы 173,5 шақырымды құрайды. 2020-2025 жылдар аралығында 100 шақырымнан асатын 142 көшеге ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу жоспарланған.