Түркістан облысында жанармай құю бекеттеріне айыппұл салынды

0
1 008

Өңірде АИ-92/93 маркалы бензинді көтерме саудада сататын нарық субъектілерінің бағаларды (тарифтердi), жеңiлдетулерді, үстеме ақыларды (қосымша ақыларды) және (немесе) үстеме бағаларды белгiлеуге немесе ұстап тұру фактісі бойынша тексеру шаралары жүргізілген


Түркістан облысында жанармай құю бекеттеріне айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Түркістан облысында жанармай сататын бекеттерге 10 млн теңгеден аса айыппұлдар салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Бұл мәліметтер ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінде жарияланды.

Өңірде АИ-92/93 маркалы бензинді көтерме саудада сататын нарық субъектілерінің бағаларды (тарифтердi), жеңiлдетулерді, үстеме ақыларды (қосымша ақыларды) және (немесе) үстеме бағаларды белгiлеуге немесе ұстап тұру фактісі бойынша тексеру шаралары жүргізілген. Нәтижесінде бәсекелестікті қорғау саласында түрлі заңбұзушылықтар анықталған.

«Департаменттің тергеп-тексеруге лауазымды тұлғасымен Түркістан облысында АИ-92/93 маркалы бензинді көтерме саудада сататын 7 нарық субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 159-бабы 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Нәтижесінде, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты және Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотымен барлығы 8 313 919 теңге монополиялық кірістерін тәркiлей отырып, монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістен 10 273 262 теңге мөлшерiнде айыппұл салынды» делінген хабарламада.