Түркістан облысында жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр

0
2 726

Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары қайта бекітілді.


Түркістан облысында жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан облысы бойынша былтырғы көрсеткішке қарағанда биыл 300 шақырымнан астам жол жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елдімекен көшелерінің жалпы ұзындығы 16 855,8 шақырымды құрайды. Оның ішіде республикалық маңызы бар жол 801,7 шақырым болса, облыстық маңызы бар жол 4 261,2 шақырым. Сонымен қатар, аудандық маңызы бар жолдар 1 642,7 және елдімекен көшелері 10 150,2 шақырым болады екен.

Осы жолдарға байланысты,2019 жылы автомобиль жолдары саласында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 607 нысан немесе 1737,6 шақырым елдімекен көшелері қамтылып, 585 нысан немесе 1339,5 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарлануда.

Сондай-ақ, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуде негізігі басымдық – облысы орталығы мен аудан орталықтарын қосатын жолдар мен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына шығатын жолдарға беріліп отыр. Оған қоса, қазіргі таңда оңтүстік өңірлердегі халық тығыз орналасқан аудандарды облыс орталығына қосатын жолдарды жөндеуге көңіл бөлінуде.

Осыған орай, 2019 жылы Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тапсырысшы болып табылатын 49 нысанға (оның ішінде 21 өтпелі нысан, 28 жаңа нысан) қайта құру, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Атап атсақ, 3 автомобиль жолын қайта құру, 14 автомобиль жолы күрделі, 27 автомобиль жолы орташа, 5 көпір күрделі жөндеуден өтеді. Жалпы, бұл 49 нысанның 15-і келесі жылдарға өтпелі болса, 34 нысанның жөндеу жұмыстары биылғы жылы аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс.


Сонымен қатар, Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары қайта бекітіліп, жаңадан құрылған облыс орталығында көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтсақ, келесі нысандардың жобалары әзірленуде: «Түркістан-Шәуілдір» автомобиль жолының 70 шақырымын қайта құру, Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысы, Түркістан қаласына кіреберіс автомобиль жолын қайта құру, Кентау қаласы жағынан келетін жол құрылысы және жаңадан салынатын әуежайға баратын жол құрылысы 15,2 шақырымдық жол құрылысы.

Айта кетейік, 2018 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобильжолдарының үлесі 72,1%-ды құраса, 2019 жылдың қорытындысымен 74,1%-ға арттыру жоспарланып отыр.