​Түркістан облысында жол мен жарықтандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр

0
1 565

Онда аяқжолдар салынып, түнгі жарық шамдары орнатылуда.


​Түркістан облысында жол мен жарықтандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан облысында елді мекендерге аяқжолдар мен түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның бір көрінісі Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданыдағы Зертас елді мекеніндегі жүріп жатқан жұмыстар.

Төлеби ауданы, Зертас елді мекеніндегі Еламан - Сауран көшесі бойындағы көпірге орта жөндеу жұмыстары және аталған жол бойына аяқжол мен түнгі жарық шамдарын орнатып жатыр. Айта кету керек, Еламан-Сауран көшесі «Ленгір-Зертас» облыстық маңызы бар жол бойында орналасқан елді мекен.
Аталған жұмыстарға тапсырыс беруші Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Ал жұмысты атқарып жатқан мердігер мекемелер «Строй Билдинг ММ» және «Истикама» болып отыр.

Алдағы уақытта аяқжол салу және көпірді жөндеу, сонымен қатар, көшеге түнгі жарық шамдарын қою жұмыстары сапалы аяқталады деп күтілуде. Халықтың игілігіне арналған жұмыстарға жергілікті тұрғындар да қуанышты.

Дереккөз: Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі