Түркістан облысында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

0
742

Сапалы жолдар саны артады.


Түркістан облысында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

"Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы оң нәтиже көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қабланбек ауылдық округінде 16 көшеге, яғни 18,8 шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда мердігер мекеме «DSM SERVICE» ЖШС-і тарапынан ұзындығы 500 метр Т.Айбергенов және ұзындығы 1200 метрді құрайтын Татулық көшелерінің жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақындап қалды.

Ал қалған 14 көшенің жол құрылысы жұмыстары жоспарға сәйкес қыркүйек айында толығымен аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Атап өтсек, Қабланбек ауылдық округі аудан орталығынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі уақытта ауылдық округ аумағындағы көшелердің жалпы ұзындығы 102 шақырым болса, оның ішіндегі 39,2 шақырым қанағаттанарлық жағдайда, ол жолдың 46 пайызын құрайды. Алдағы уақытта «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 16 көшенің 18,8 шақырымы жөндеуден өткізілгеннен кейін қанағаттанарлық жолдардың үлесі 58 пайызды құрайтын болады.

Айта кетсек, 2020 жылы аудан бойынша жалпы 34 көшенің 55,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.