​Түркістан облысында жолаушылар миниавтобусы аударылып қалды

0
1 023

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер бар..


​Түркістан облысында жолаушылар миниавтобусы аударылып қалды

Түркістан облысында жолаушылар миниавтобусы аударылып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қайтыс болды. Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Оқиға бүгін 18 қаңтар күні сағат 10.00. шамасында орын алған.

Түркістан облысы Шардара-Келес тас жолында Келес ауданы аумағында "Старекс" автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай көлік аударылып кеткен. Оқиға орнында Түркістан облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол апатының себебі ауа райының қолайсыздығы мен тұман болуы мүмкін.

"'Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тіркелді . Анықтаушылар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда,"- делінген хабарламада.