​Түркістан облысындағы ескі пошта ғимараты қирағалы тұр

0
2 025

Бір қарағанда соғыс кезінде жарылыс болғандай әсер қалдыратын мекеме жартылай құлап, қабырғалары қирап жатыр.


​Түркістан облысындағы ескі пошта ғимараты қирағалы тұр

фото: Nur.kz

ERNUR.KZ. Түркістан облысының орталығында пошта қызметкерлері қираған ғимаратта халыққа қызмет етіп жүр. Кеңес үкіметі кезінде салынған мекеме адам шошырлық күйге түскен деп жазады Nur.kz порталы.

Бір қарағанда соғыс кезінде жарылыс болғандай әсер қалдыратын мекеме жартылай құлап, қабырғалары қирап жатыр. Тіпті кейбір кабинеттерде есік-терезе де жоқ. Ең сорақысы, халық кезек күтетін орында поштаға келушілер үшін тозығы жеткен орындықтар қойылған. Бұл мекеме Түркістан қаласындағы "Қазпочта" бөлімшесіне қарасты. Қираған кабинеттерде жұмыс істейтін мамандар халыққа қызмет көрсетеді.

Пошта бөлімшесінің басшысы Сәкен Таженовтың сөзінше, ғимаратты жөндеу жұмыстары тікелей қаржыға байланысты.

Құрылыс жұмыстарына қажетті қаржыны есептеу үшін Астана қаласынан арнайы мамандар шақыртылған.

Қаржының көлемі белгілі болған соң, құрылысқа қажетті жоспар түзелмек. Дегенмен Таженов тозығы жеткен ғимараттың проблемасы қашан шешілетінін нақты айта алмады.