​Түркістан облысындағы колледждерге жатақхана жетіспейді

0
2 137

Түркістан облысының қалалары мен аудандарында білім алып жатқан жастарға 3530 орындық 11 жатақхана жетпейді.


​Түркістан облысындағы колледждерге жатақхана жетіспейді

Түркістан облысының қалалары мен аудандарында білім алып жатқан жастарға 3530 орындық 11 жатақхана жетпейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрылыс басқармасының мәліметіне сәйкес, 9 нысанға жер телімін бөлініп, инженерлік коммуникацияға қосылу мәселесі оңтайлы шешілген. Енді Шымкент медициналық колледжінде (800 орын) және жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінде (200 орын) оқитын жастар жатақханасы құрылысы алаңдарының мәселесі шешімін таппай тұр. Әзірге құрылыс тек Кентау қаласында ғана жүріп жатыр. Мұнда көпсалалалы колледждің 300 орындық жатақханасы салынуда.

Жоспар бойынша студенттер аталмыш жатақханаға қыркүйек айында қоныстанады. Қалған жатақханалар жайлы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтініштер берілген. Оның ішінде Созақ ауылындағы №1 колледж (200 орын), Төле би ауданына қарасты Көксәйек ауылындағы көпсалалы техникалық колледж (160 орын), Шымкент саз колледжі (100 орын), Түркістан медициналық колледжі (600 орын), Жетісай медициналық колледжі (360 орын), Шымкенттегі көлік коммуникациясы және технологиялар колледжі (300 орын), Кентаудағы көпсалалы колледж (300 орын). Бүгінгі таңда 85 065,52 мың теңге бюджет қаржысы олардың бесеуіне ғана бөлінген.