Түркістан облысындағы мекемелер алдында арнайы кезек күтетін орындар белгіленген

0
146

Ақ түсті бояумен көрсетілген орындардың арақашықтығы 2 метр.


Түркістан облысындағы мекемелер алдында арнайы кезек күтетін орындар белгіленген

Түркістан облысы Төлеби ауданында коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қатаң бақылауға алынған. Кешегі күннен бастап сақтанудың тиімді түрі қолға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, халық көп жиналатын «Халық банк» АҚ мен «Қазпочта» АҚ-ның бөлімшелері ғимаратының алдына кезекке тұратын азаматтар үшін арнайы орындар белгіленген. Ақ түсті бояумен көрсетілген орындардың арақашықтығы 2 метр. Бұл зейнетақы, жалақы, жәрдемақы алу үшін келетін тұрғындардың бір-бірінен алшақ тұрып, вирустың таралуына жол бермей қауіпсіздікті сақтау мақсатында қолға алынған шара.

Одан бөлек, осындай халыққа қызмет көрсету орындарына келген азаматтарды ғимарат ішіне кірерде тепловизормен дене қызуын тексеріп, қолдарын арнайы антисептикпен залалсыздандырылуда. Сондай-ақ, маскалық режим енгізілуіне байланысты әрбір азаматтың медициналық бетпердемен жүруін қатаң бақылауға алған. Бетпердесі жоқ тұрғындарға әкімшілік тарапынан бетперде тегін таратылуда.

Қазіргі таңда осындай қатаң режимдегі сақтық шаралары облыстың өзге аудан қалаларында жүзеге асырылуда.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет