Түркістан облысындағы тың бастамалар өмір сүру деңгейін көтеруге серпін берді

0
648

«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 128 ауыл округте 5,2 мың гектарды құрайтын 2000 жуық жобалар жүзеге асырылып 220,0 мың тн. өнім өндірілді.


Түркістан облысындағы тың бастамалар өмір сүру деңгейін көтеруге серпін берді

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамытудың арнайы бағдарламасы әзірленіп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл Түркістан облысында 75,0 мың тонна 500 түрлі минералды тыңайтқыштар 50 % жеңілдікпен тауар өндірушілерге жеткізілді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге нарықтық бағадан 16 теңгеге арзандатылған бағамен 76,2 мың тонна жанар-жағар май босатылды. Жаңадан 929 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, техника паркін жаңалау үлесі 5 % жетті.

Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру мақсатында облыста «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 128 ауыл округте 5,2 мың гектарды құрайтын 2000 жуық жобалар жүзеге асырылып 220,0 мың тн. өнім өндірілді.

Мемлекет басшысының жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану тапсырмасына орай, үйіргелік жерлерді игеру қолға алынды. Бұл көп балалы аналардың, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың табысын артырып, өмір сүру деңгейін көтеруге серпіліс берді.

Нәтижесінде 287 жоба жүзеге асырылып, әр отбасы 850,0 мың теңгеден табыс тапқан. Оның ішінде, «Еңбек» бағдарламасымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мемлекеттік гранты есебінен 105 жоба қаржыландырылды.

Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасы аясында 11 мың гектар алқапты жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделген. Бүгінгі таңда, Кентау қаласы «Шаға» ауылдық округінде

2000 га жаңбырлатып суғару технологиясы ендірілді. Технологияның тиімділігі: дақыл түріне қарай ағын суды 2-3 есеге үнемдеп, өнімділікті 2-4 есеге арттырады.

Ет экспортының әлеуетін арттыру бағытында Өзбекстан, Ресей елдеріне 5343,8 тонна сиыр еті, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Ресей елдеріне 301,1 тонна қой еті, Өзбекстан, Ресей елдеріне 33,8 тонна жылқы еті экспортталды. Түркістан облысы республикада ірі қара мал етін экспорттау бойынша 1 орында. Сонымен қатар, аймақта балық шаруашылығын дамытудың арнайы өңірлік бағдарламасы әзірленуде.