​Түркістан облысында жігіттер жүк көлігінде шомылды (видео)

0
2 025

Орталық алаңда жүк көлігінің кузовына су толтырып алған ер жігіттер оны өздеріне хауыз етіп алған.


​Түркістан облысында жігіттер жүк көлігінде  шомылды (видео)

ERNUR.KZ. Түркістан облысына қарасты Арыс қаласында жігіттер жүк көлігіне толтырылған суда шомылып, елді таңырқатты, деп жазады Nur.kz.

Бұл жөнінде аталған сайт оқырманы редакцияға жүк көлігінде шомылған ер азаматтардың видеосын жіберіп, қызықты оқиға жайлы мағлұмат берді. Оқырманның жіберген видеосында орталық алаңда жүк көлігінің кузовына су толтырып алған ер жігіттер оны өздеріне хауыз етіп алған. Жылжымалы бассейнде шомылған ер адамдар Арыс қаласының көшелерін аралауға кіріскен.

Оқиғаны бейнекамераға түсірген азамат суды жан-жаққа шашпауды сұрады. Ал суға рахаттанып шомылғандар бір-бірін мақтады.