Түркістан облысының әкімі Мәжіліс депутаттарымен кездесті

0
684

Ағын су, баспанамен қамту, «Жайлы мектеп» жобасы, жайылым, әлеуметтік нысандар, инфрақұрылым тарту, көші-қон жұмыстары бойынша ой бөлісті.


Түркістан облысының әкімі Мәжіліс депутаттарымен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Түркістан облысының әкімімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары аймақтарды аралап, тұрғындармен кездесу өткізуде. Түркістан облысының әкімі өңірге арнайы келген халық қалаулыларымен кездесіп, пікір алмасты.


Атап айтқанда, өңір басшысы депутаттар – Қайрат Балабиев, Темір Қырықбаев, Ерлан Әбдиев, Қазыбек Иса және Нұрлан Әуесбаевпен кездесіп, облысты дамыту мәселелерін талқылады.


Депутаттар тұрғындарды қабылдау нәтижесі туралы ой қозғап, олар көтерген мәселелерге, өтініштерге тоқталды. Ағын су, баспанамен қамту, «Жайлы мектеп» жобасы, жайылым, әлеуметтік нысандар, инфрақұрылым тарту, көші-қон жұмыстары бойынша ой бөлісті.


Дархан Сатыбалды облысты дамыту бағытында қолға алынған жобалар мен жоспарларды баяндады. Халық қалаулылары өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағаларын беріп, ел мүддесін қорғау жолында бірлесе жұмыс атқаруды жалғастыра беретіндерін жеткізді.