Түркістан облысының барлық​ перзентханаларында сайлау өтіп жатыр

0
948

Аяғы ауыр әйелдер мен жаңа босанған аналар да сайлауға қатысып, дауыс беруде.


Түркістан облысының барлық​ перзентханаларында сайлау өтіп жатыр

Түркістан облысының перзентханаларында жатқан әйелдер 100% сайлауға қатысты деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысының барлық перзентханаларында сайлау өтіп жатыр. Онда жатқан аяғы ауыр әйелдер мен жаңа босанған аналар сайлауға қатысып, азаматтық борышын орындауға атсалысуда. Түркістан облысы бойынша 3 перинаталды орталық бар. Бүгінгі сайлауға үш жүзден астам әйел қатысты. Бір ғана Түркістан облыстықнөмірі бірінші перинатальды орталықта бүгін 135 жасбосанған ана өз таңдауын жасап дауыс берді.


Жалпы Түркістан облысы бойынша жылына 55 мыңдай сәби дүниеге келеді. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш. Бүгін 200-ге жуық сәби туылды. Оның ішінде жүзден астамы қыз бала.