Түркістан облысының каратэ құрамасы ел чемпионы атанды

0
261

Ел біріншілігіне әр өңірдің каратэшілері қатысып, тартысты жекпе-жектер өткізді.


Түркістан облысының каратэ құрамасы ел чемпионы атанды

Ақтау қаласында каратэден ересектер арасында ҚР чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ақтау қаласында 5-7 сәуір күндері каратэден (WKF) ересектер арасында ҚР чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне әр өңірдің каратэшілері қатысып, тартысты жекпе-жектер өткізді. Нәтижесінде Түркістан облысының құрамасы 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медальді қанжығалап, жалпыкомандалық есепте көш бастады.


Облыс мерейін асқақтатқан саңлақтар қатарында жеке ката бағдарламасында топ жарған Мади Катешов, 55 келіде жеке сайыста күш сынаған Елнұр Төребек пен 61 келідегі облыс мақтанышы Әсел Қанайға тең келер қарсылас болмады. Дүбірлі додада түркістандық әйелдер құрамасы командалық сында топ жарып, алтын медаль еншіледі. Сонымен қатар, 55 келіге дейінгі жеке сайыста бақ сынаған Гүлмира Үсенова күміске қол жеткізсе, 68 келіде жеке сайыста өңір намысын қорғаған Маржан Әшім қола медальді қанағат етті.


Сондай-ақ, ката бағдарламасында Түркістан облысының ерлер құрамасы командалық есепте үшінші орыннан көрініп, облыс қоржынын қола медальмен толықтырды.