​Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы 2019 жылдың қорытындылады

0
1 182

2019 жылы Түркістан облысында "Еңбек" бағдарламасы аясында 12 579 адам оқудан өтті.


​Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы 2019 жылдың қорытындылады

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдері алдында кездесу өткізіп, 2019 жылды қорытындылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

10 миллиард теңгеге 2019 жылы кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы қорғады.

Директор орынбасарының айтуынша, 2019 жылы Палатаға 560 өтініш келіп түскен, оның 418 (75%) оң шешімін тапқан.

Келіп түскен шағымдардың көп бөлігі жер қатынастары саласындағы проблемалардың көбірек, яғни 26% құрайды, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері бойынша 25%, несие беру 7,8%, сатып алу 6% және басқалар.

2019 жылы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау Кеңесімен бизнестің 10 проблемалық мәселесі қаралып, оның нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің пайдасына 3 мәселе оң шешімін тапқан.

Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдауда палата қызметінің оң нәтижелері де атап өтілді. 16 мың кәсіпкерге 20 мыңнан астам сервистік қызмет көрсетілген.

Айта кету керек, Еңбек бағдарламасы аясында 12 579 адам оқудан өтті, оның 7 933 адамы грант иегері атанып, жұмыссыз халықтың 24% жұмыспен қамтылды. Өңіріміздің тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағдарламаның үлкен серпіні бар десек қателеспейміз.

Қысқа мерзімді оқыту бағыты бойынша 5 466 жұмыссыз азаматтар 3 айлық оқу курстарынан өтті. Оның 2 735 жұмыспен қамтылып, 1 477 түлегі 745,8 млн.тг грант иегері атанды.

Сонымен қатар, «Бастау-Бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары шеңберінде 7 113 адам оқуды аяқтады. Оның аясында 2,7 млрд.тг сомасына 401 жоба іске асырылып, 3,2 млрд.тг сомасына 6 456 түлекке грант берілді.