Түркістан облысының полицейлері 2000-нан астам адамды жолда қабылдады

0
1 007

Облыс полицейлері тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдап, көкейтесті сұрақтарына нақты жауаптарын берді.


Түркістан облысының полицейлері 2000-нан астам адамды жолда қабылдады

Түркістан облысы полицейлері екі күн бойында "Жолда қабылдау" акциясын өткізді. Шіліңгір шілденің ыстығына қарамастан тәртіп сақшылары 2000 нан аса азаматты қабылдады деп хабарлайды Ernur.kz тілшісі.

Акцияға қатысқан жергілікті кәсіпкер қабылдауға қатысып, акция барысында өзінің жеке ұсынысын жеткізді . Кәсіпкер өзінің аяқ киім жасайтын жеке цехына шетелден азаматтар шақырып жұмысқа орналастыру үшін қандай құжаттар жинау керектігін сұрап, ол бойынша тұщымды жауап алып, ауа райының қолайсыздығына қарамастан республикалық акцияны өткізіп жатқан полицейлерге өз алғысын білдірді.

Бұл акция ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес, республика көлемінде іске асырылды. Акцияның басты мақсаты: азаматтармен кері байланысты қамтамасыз ету, әр түрлі сала бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру, полицейлер мен тұрғындар арасында тығыз қарым-қатынасты одан әрі нығайту. Ашық аспан астында отырған жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік полиция басқармасының, көші-қон қызметінің полицейлері мен жол-техникалық инспекциясының мамандары тұрғындардың өтініштері мен сауалдарына жан-жақты жауап берді. Сондай-ақ арнайы орындарға құрылған шатыр астында полиция құрылымдарының басшылары тұрғындарды кедергісіз қабылдады. Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Алмас Тастанбековтің айтуынша, қабылдауға келген тұрғындардың басым көпшілігі жол қозғалысы ережесінің бұзылуы, айыппұлдар мен автокөліктерді тіркеу, көші-қон қызметіне байланысты т.б сұрақтарымен келген. Азаматтардың тарапынан қойылған сауалдарының ешқайсысы жауапсыз қалмай, тіркеуге алынып, бақылауға қойылды.

Сондай-ақ, акцияға белсене қатысқан тұрғындар арасынан әлеуметтік желідегі тікелей эфир арқылы және арнайы қабылдауға келіп облыс полицейлеріне алғыстарын білдіргендер де болды.