​Түркістан облысының полицейлері кезекті полиция фронт-офистерін ашты

0
1 312

Аудан тұрғындарының өтініштері мен сұрақтарын мұнда жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция, көші-қон қызметі, тергеу, анықтау және кадр саясаты басқармасының мамандары қабылдайтын болады.


​Түркістан облысының полицейлері кезекті полиция фронт-офистерін ашты

Түркістан облысы, Отырар АПБ жанынан азаматтарды қабылдауға арналған фронт-офис ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Игі шараның ашылуына Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков және аудан әкімі Ерлан Айтаханов, ардагерлер мен жеке құрам қатысты. Халықтық кеңсенің ашылуына арнайы келген департамент бастығы ішкі істер саласында халықпен тығыз қарым-қатынас жасау, жүргізілетін жұмыстарды жеңілдету мақсатында көрсеткен қолдауы үшін Отырар ауданының әкімдігіне алғысын жеткізіп, қасиетті өлкеде ашылған халықтық кеңсе тұрғындарға сапалы қызмет көрсетеді деген сенімін білдірді.

Сонымен қатар, Қайрат Сұлтанбайұлы «Жол картасы» аясында Отырар ауданында құрылған туристік полицияға арнайы жабдықталған электромобиль табыстады. Одан кейін, құрметті қонақтар тұрғындарға жағдай жасалған, бөлмелері заманауи техника, жиһаздармен жабдықталған, ыңғайлы күту аймағы, ақпараттық стендтер, теледидар және ғаламтор, салқындатқыш қосылған, жалпы алғанда барлық жағдайы қарастырылған Отырар АПБ-нің халықтық кеңсесін аралап шықты. Кең ғимаратта азаматтар әкімшілік практика желісі, лицензиялық-рұқсат беру жүйесі, қылмыстық істерді тергеу, көші-қон және кадр саясаты басқармасы қатысты құқықтық кеңес ала алады.

Аудан тұрғындарының өтініштері мен сұрақтарын мұнда жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция, көші-қон қызметі, тергеу, анықтау және кадр саясаты басқармасының мамандары қабылдайтын болады. Отырар АПБ жанынан құрылған Фронт-офистің ашылған алғашқы күнінде жергілікті тұрғынның бірі келіп, көші-қон саласына қатысты сұрағын қойып, заң тұрғысынан құқықтық кеңес алып кетті. Бұдан бөлек, тұрғындарды қабылдауға арналған фронт-офистер ТО ПД қарасты Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Созақ және Ордабасы АПБ жанынан ашылып, облыс азаматтарының полицияға қатысты барлық өтініш-тілектері мен ұсыныс-пікірлерін күнделікті қабылдап, өз жұмыстарын жасап отыр.