Түркістан облысының полицейлері жоғалған жылқыларды іздеп тапты

0
1 148

Келе ауданы тұрғыны жылқыларын үш күн бойы іздеген.


Түркістан облысының полицейлері жоғалған жылқыларды іздеп тапты

Түркістан облысы, Келес ауданының тұрғыны 18 бас жылқысының жоғалғандығын айтып полициядан көмек сұраған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келес ауданының тұрғыны 18 бас жылқысын үш күн бойы іздестіген. Іздестіру жұмысы нәтиже бермеген соң, жергілікті учаскелік полицияға хабар берген. Іздестіру жұмыстарын полиция қызметкерлері жәбірленушімен бірге жүргізген.

Жоғалған жылқыларды іздестіру барысында Келес АПБ-нің қызметкерлері аулаларды аралап, іздестіру шараларын күйшейткен, нәтижесінде тәртіп сақшылары көрші ауылдан жоғалған жылқыларды тапқан. Белгілі болғандай, мал иесі жылқыларды қараусыз бос жайылымда қалдырған, сондықтан жылқылар жайылымнан ұзап кеткен. Атқарылған іс-шаралардан кейін полицейлер жоғалған жылқыларды заңды иесіне қайтарды.

Келес ауданының тұрғыны Нұрбек Абилов, учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мухиддин Алдабергеновке және Келес АПБ-нің барша қызметкерлеріне жоғалған жылқыларын іздестіруге көмектесіп, кәсібилік танытқандары үшін алғысын білдірді.