Түркістан облысының прокуратурасында қос мереке атап өтілді

0
1 038

Заңдылықтың сақталуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды.


Түркістан облысының прокуратурасында қос мереке атап өтілді

Түркістан облысының прокуратурасында Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күні атап өтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс прокуратурасында жеке құрамның қатысуымен Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өтті. Іс-шараның ашылуында облыс прокурорының міндетін атқарушы Данияр Сыздықов мерекенің маңыздылығына тоқталып, Ұлы Отан соғысында жеңіске үлес қосқан ардагерлерге тағзым ету қазіргі ұрпақтың басты міндеті екенін атап өтті.


Сонымен қатар, облыс прокурорының аға көмекшісі – кадрларды дамыту тобының басшысы Абзал Қыдырбай мерекеге байланысты баяндама жасап, өңірден майданға аттанған сарбаздардың, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында қызмет атқарған Ұлы Отан соғысының ардагерлері Д.Төлегенов, Ә.Файзиев, Ә.Битасов, Ә.Есжанов, Б.Есжанов, Ш.Абдуллаев, В.Поданев, Ә.Көптаев, А.Сахов, С.Кенжебаевтың ерліктеріне тоқталып өтті.


Жалпы, Оңтүстік өңірінен соғысқа өз еркімен аттанған сарбаздар саны көп болған. Оның ішінде Ақтөбеден бұрынғы облыс орталығы Шымкент қаласына еңбек жасауға келген Сейітов Өтеген Сейітұлы да майданға аттанған. Ол Румыния, Болгария, Югославия, Австрия, Венгрияны азат етуге қатысып, соғыстың жеңісті күнін Вена қаласында қарсы алған. Соғыстан кейін бейбіт өмірдегі еңбек жолын Келес аудандық прокуратурасында халық тергеушілігінен бастап, қызмет баспалдағымен көтеріліп, Қазақ КСР прокуратурасын 18 жыл басқарған. Сондықтан, Ө.Сейітовтің туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай, оның есімін ұлықтау мақсатында 2023 жыл прокуратура органдары үшін «Сейітов жылы» деп жарияланған.


Салтанатты іс-шарада заңдылықтың сақталуына елеулі үлес қосқан прокуратура қызметкерлеріне сыныптық шендер, ведомствалық наградалар табысталып, Бас прокурор мен облыс прокурорының алғыс хаттары берілді.