​Түркістан облысының тұрғыны Қызыл Кітапқа енген бүркітті ұстап алған

0
1 697

Табылған бүркітті полиция қызметкерлері Шымкент хайуанаттар бағына өткізді.


​Түркістан облысының тұрғыны Қызыл Кітапқа енген бүркітті ұстап алған

Түркістан облысында полиция қызметкерлері Қызыл кітапқа енгізілген бүркітті заңсыз ұстап алған тұрғынды анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы аумағында «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде Бәйдібек АПБ ЖПҚ-нің қызметкерлері жеке үйлердің бірінен жергілікті тұрғыннан заңсыз ұстап алған бүркітті тапты. Полицейлер анықтағандай, анықталған бүркіт құстардың сирек кездесетін түріне жатады және ҚР Қызыл кітабына енгізілген.

Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Табылған бүркітті полиция қызметкерлері Шымкент хайуанаттар бағына өткізді.

Жалпы «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Түркістан облысының полицейлері браконьерлерден тіркелмеген 6 дана аңшы мылтығы мен 4 центнер заңсыз ауланған балық және балық аулау құралдарын тәркіледі. Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралар кезінде тәртіп сақшылары 174 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеп, миллон теңгеге жуық айыппұл салды.