Түркістан облысының үздік каратешілері анықталды

0
2 396

16-17 жастағы спортшылар да өзара күш сынасуда.


Түркістан облысының үздік каратешілері анықталды

Каратэден Түркістан облысының чемпионатына іріктеуге арналған жарыс басталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектеп-интернат-колледжінде бұл күндері карате спортынан кезекті Түркістан облысының чемпионатына іріктеуге арналған жарыс өтіп жатыр. Жас ерекшеліктері бойынша 12 және 13 жас пен 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер татами төрінде жекпе-жек өткізу үстінде. Сонымен бірге, 16-17 жастағы спортшылар да өзара күш сынасуда.

Шара кезінде барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды. Тартысты сайысқа келген төрт команда бойынша жеңімпаздар анықталды. Жарыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектеп-интернат-колледжіннің шәкірттері иеленді. Ал, күміс жүлдегер атанған Түркістан облысының №1 олимпиадалық спорт мектебінің командасы еншіледі. Қола жүлдені Сайрам ауданынан келген Қарасу спорт клубының жастары олжалады. Іріктеуден өткен жеткіншектер облыс чемпионатында бақтарын сынайды.