ТҮРКІСТАН: Оқушылар концерттік іс-шара өткізді

0
493

Ғаламат өнерлерімен көрерменнің көңілін сергітіп, ыстық ықыласқа бөленді.


ТҮРКІСТАН: Оқушылар концерттік іс-шара өткізді

"Оқушылар сарайы" - ЮНЕСКО клубында "Әуеніммен әуеле" тақырыбымен концерттік іс-шара өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін "Оқушылар сарайы - ЮНЕСКО клубындағы" "Эстарадалық вокал" үйірмесі "Әуеніммен әуеле" тақырыбымен концерттік іс-шара өткізді. Әсем әнге толы кешке оқушылар, ата-аналар мен мекеме қызметкерлері қатысты.


Бойына ерекше қабілет дарыған оқушылар "Рахмет саған, туған ел", "Джаз әлемі", "Құстар әні" сынды әндерді орындап, "Дос-Мұқасан" мюзиклін ұсынды. Сәйкесінше, ғаламат өнерлерімен көрерменнің көңілін сергітіп, ыстық ықыласқа бөленді.