ТҮРКІСТАН: Оқушылар мен мұғалімдер уланып қала жаздады

0
942

Оқу орнынан 70 қызметкер мен 711 оқушы сыртқа эвакуацияланған.


ТҮРКІСТАН: Оқушылар мен мұғалімдер уланып қала жаздады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы, Төлеби ауданы Ленгір қаласы №7 жалпы орта мектебінде 12 қыркүйек күні төтенше жағдай орын алып, оқу орнынан оқушылар мен мұғалімдер толығымен эвакуацияланған болатын, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың 12 қыркүйек күні аталмыш мектептің 10 сыныптың А. есімді оқушысы жолдан белгісіз флакончик тауып алып, (перцовый аэрозоль) сағат 10.37-де үзіліс уақытында тауып алған флакончикті әтір деп мектеп ғимаратының бірінші қабатындағы дәлізінде сепкен. Салдарынан оқушылар жөтеліп, мектеп әкімшілігі тарапынан 70 қызметкер мен 711 оқушы сыртқа эвакуацияланған. 26 оқушы 2 мұғалім 1 техникалық қызметкер Ленгір қалалық ауруханасына жеткізілген.

Қазіргі таңда, ауруханаға көрінген оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығы дәрігерлердің бақылауында. Жансақтау бөліміне түскендер жоқ.

Аталған дерек аудандық полиция бөлімінің АЕК №1951580301005750 санымен тіркеуге алынған.
Қазіргі таңда, Аудандық КазТрансГаз-дан арнайы мамандар мектепте арнайы құрылғылармен ауасын тексеру жұмыстарын жүргізуде. Полиция бөлімі, прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік органдарының өкілдері тергеу жұмыстарын бастады. Балалардың өмір қауіпсіздігн сақтау мақсатында бүгінгі оқу процессі сенбі күнге ауыстырылды.

"Дәл қазіргі сәтте Науқастардың жалпы саны - 8 жағдайлары қанағаттанарлық. Қажетті медициналық ем-шара қолданылуда", - деп хабарлады Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы.