ТҮРКІСТАН: «Оқушылар сарайы» түркиялық университетпен әріптестік орнатты

0
499

Қазіргі таңда Сакария Технокентінде барлығы 130 компания жұмыс істеп жатса, осы уақытқа дейін 273-тен астам жоба сәтті аяқталған.


ТҮРКІСТАН: «Оқушылар сарайы» түркиялық университетпен әріптестік орнатты

Түркістандағы «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубының Түркиядағы Sakarya Teknokent университетімен әріптестік орнатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістандағы «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубының директоры Индира Икапова М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры Шолпан Есимовамен бірге Түркиядағы Sakarya Teknokent университетіне барып, іргелі оқу ордасының жұмысымен танысты.


Іссапар барысында «Оқушылар сарайының» басшысы Индира Сарқытқызы Sakarya Teknokent университетінің директоры Ярук Көсеоғлымен кездесіп, мекеме қызметкерлерінің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау жайын талқылады.


Нәтижесінде, алдағы уақытта арнайы жоба түзіліп, мекеме қызметкерлері әріптестік аясында білім-білігін арттыратын болып шешілді. Осылайша, қос тарап білім сапасын жақсартуға өзіндік үлестерін қоспақ.


Атап өтсек, бұл университеттің басты мақсаты – технологиялық өнімдер шығаруға қабілетті жаңа компанияларды құру және қолданыстағы шағын компаниялардың өсуіне ықпал жасау. Яғни, көптеген компаниялардың өркендеп, дамуына жағдай жасау. Қазіргі таңда Сакария Технокентінде барлығы 130 компания жұмыс істеп жатса, осы уақытқа дейін 273-тен астам жоба сәтті аяқталған.


Айта кетейік, бүгінде Түркістандағы «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубы балалар, студенттер мен ересек азаматтарға 60-қа жуық үйірме және тың жобалар арқылы қосымша білім беріп, бос уақытты тиімді пайдалану үрдісін іске асырып келе жатыр.