ТҮРКІСТАН: Оқушылар сарайында «Dance Battle» би сайысы өтті

0
804

Бишілердің бәсекесі 3 кезеңнен тұрды.


ТҮРКІСТАН: Оқушылар сарайында «Dance Battle» би сайысы өтті

Түркістан Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен ауданаралық «Dance Battle» би сайысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған би сайысына 7 команда қатысып, өзара бақ сынады.


«Би – әуелден-ақ энергия көзі. Қозғалыста болған адамның дені әрқашан сау болады. Би тарихында қазіргі заманға дейін көптеген өзгерістер болған. Заманауи би – қазіргі заманда кішкентай баладан бастап ересек адамдарда қызығып билейтін бидің түрі. Заманауи бидің де алуан түрі бар. Мысалы, тектоник, электро, хаус, транс, вог, хип-хоп. Сонымен қатар бұл би түрлерін дамытып жүрген бишілер де біздің облысымызда аз емес. Солардың ішінде үздік деп танылып жүрген 7 команда бүгінгі бәсекеге қатысты», – дейді директордың іс-шаралар жөніндегі орынбасары Асылзат Өтжанқызы.


Мақсаты – жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін, өнердің заманауи жанрларын дамыту, оқушылардың шығармашылығына бағыт-бағдар беру. Сондай-ақ жастар тарапынан көп орындалатын заманауи би түрлерін хип-хоп, крамп, брейк дэнс, попинг әрі қарай дамыту көзделген.


Бишілердің бәсекесі 3 кезеңнен тұрды. Алдымен әр топ шоу қойылыммен сахнаға шықса, келесі кезеңде ұйымдастырушылар қойған музыкаға топ басшылары жеке сайысқа шықты.


Ал соңғы сында ең үздік болған 3 топ жүлдеге таласты. Тартысқа толы болған сайыстың нәтижесі бойынша III орын «Сымбат» би тобына бұйырса, II орынды «Шаттық би» тобы иеленді. Ал І орынды «Sky fog» тобы жеңіп алды.