ТҮРКІСТАН: Оқушылар сарайында мерекелік концерт өтті

0
755

"Ана, сен бақыттысың!".


ТҮРКІСТАН: Оқушылар сарайында мерекелік концерт өтті

Түркістандағы Оқушылар сарайында мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандағы «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана, сен бақыттысың» атты мерекелік концерт өтті.


Іс-шара барысында мекеме директоры Индира Икапова сөз алып, барша қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады.


Содан соң, ерекше дауыс иелері "Ана", "Ана, сен бақыттысың", "Абзал ана" сынды әндерді әуелетіп, мың бұралған арулар көрерменге бірнеше би тарту етті.