ТҮРКІСТАН: Өмірзақ Шөкеев көпбалалы аналардың үйіне барды

0
463

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев, Ордабасы ауданында тұратын көпбалалы ананың үйінде қонақта болып, мерекесімен құттықтады.


ТҮРКІСТАН: Өмірзақ Шөкеев көпбалалы аналардың үйіне барды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ордабасы ауданындағы алтын құрсақты Назира Алиева мен Айгуль Аязбаева сынды көпбалалы аналардың үйлеріне барды - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесуде өңір басшысы әулеттің берекесі мен ұйытқысына айналып отырған аяулы жандарды келе жатқан мерекемен құттықтады.

«Көктеммен бірге жеткен төл мерекелеріңіз құтты болсын! Меніңше, барлық деңгейдегі әкімдер көпбалалы отбасылардың жағдайымен танысуы керек. Олармен бетпе-бет жүздесіп, қандай көмек қажет екенін білген жөн деп ойлаймын. Сіздердей жандарға мемлекет тарапынан, қашанда тиісті қолдаулар болады. Жақында Елбасымыз Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының съезінде де көпбалалы отбасылардың тұрмыстық жағдайын жақсарту жөнінде Үкімет пен әкімдерге нақты тапсырмалар берген болатын. Аз қамтамасыз етілген, әсіресе көпбалалы отбасыларды қолдаудың шарттары жеңілдетіліп, әр балаға 21 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі. Сіздер секілді батыр аналарымыз көп болсын! Жас қыз-келіншектер өздеріңізден үлгі алуы тиіс. Отбасыларыңызда балалардың саны көбейе берсін. Барша ақ жаулықты аналарымыз бен әпкелеріміздің, қарындастарымыздың отбасына амандық, жұмыстарына береке тілеймін», – деді облыс басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі аналарға мерекелік сыйлығын табыс етті.

Айта кетерлігі, Назира Алиева – Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округі, Темірлан ауылының тұрғыны. Отбасында 1 ұл, 5 қыз тәрбиелеп отыр. Айгүл Аязбаева да осы ауданның тұрғыны. «Күміс алқа» иегері. Жеке кәсіпкер. Ардақты аналар өңір басшысының арнайы құттықтап келгеніне ризашылық білдіріп, Түркістанды өркендету бағытындағы бастамаларына сәттілік тіледі.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет