ТҮРКІСТАН: Өнерпаз әжелер Анталия қаласындағы байқауға қатысады

0
610

Қазақстан атынан сынға түседі.


ТҮРКІСТАН: Өнерпаз әжелер Анталия қаласындағы байқауға қатысады

Арыстық өнерпаз әжелер халықаралық байқауда жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыстық мұғалімдерден құралған «Асыл әжелер» би-ансамблі Алматы қаласында өткен халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды.


«Достар дауысы – 2022» өнер орталығы мен «Жұлдыз» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ақ жаулық» VIII республикалық шығармашыл-педагогтар байқауында жерлестеріміз хореография және вокал жанры бойынша сынға түсіп үздік атанды.


Бұл байқауға Тараз қаласы мен Алматы облысынан бөлек Ресей, Грузия, Кавказ елінің өкілдері де қатысқан болатын.


Айта кетейік, «Асыл әжелер» би-ансамблі Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық округі Б.Оңтаев атындағы мектеп ұжымынан құралған.


Өнерімен көпшілікті тәнті етіп, бас жүлдені жеңіп алған арыстық әжелер қауымы 6 маусымда Түркияның Анталия қаласында өтетін байқауда Қазақстан атынан сынға түседі.


Алматыдан жүлдемен оралған өнерпаз әжелер қауымын қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дәулетхан Налибаев бастаған бір топ арыстық белсенді азаматтар Арыс теміржол вокзалынан салтанатты жағдайда күтіп алды.