ТҮРКІСТАН: Өңірдегі өнім көлемі 1 трлн. 103,9 млрд. теңгеге артқан

0
1 789

Индустрияландыру картасы аясында 2018 жылы 18,2 млрд. теңгеге 10 жоба іске қосылған.


ТҮРКІСТАН: Өңірдегі өнім көлемі 1 трлн. 103,9 млрд. теңгеге артқан

Түркістан облысында өткен жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі жоғары деңгейде сақталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысындағы жалпы өңірлік өнім көлемі 2018 жылдың қаңтар қыркүйегінде айлары арасында 1 трлн. 103,9 млрд. теңге сомасында қалыптасқан, яғни 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,9 пайызға артып отыр.

Сондай-ақ, индустрияландыру картасы аясында 2018 жылы 18,2 млрд. теңгеге 10 жоба іске қосылған. Атап айтсақ:«Green technology industries» ЖШС (Ордабасы ауданы) ПЭТ қалдықтарын өңдеу және шпательді талшықтар өндірісі (қазіргі уақытта жобаның I кезеңі – іске қосылып отыр), «Golden Camel Group LTD» ЖШС (Түркістан қаласы) өнімділігі 1,5 мың тонна түйе мен бие сүтін өңдейтін кәсіпорын жобасы,ӘКК «Асылтұқымды шаруашылық, Ордабасы ешкі сүт өнімдері» сүт-тауар фермасы базасында ешкі сүтін қайта өңдеу зауыты,«Бадам өнімдері» ЖШС (Ордабасы ауданы) күйдірілген қыш өндіру зауыты,«Балмұздақ» ЖШС (Төлеби ауданы) шоколадты глазурь және шоколадты конфет өндірісі, «Бәйтерек ББМ» ЖШС (Шардара ауданы) балық өңдеу зауыты,«ТМстрой21» ЖШС (Келес ауданы) жіп өңдеу зауыты, «Бирлик-4» ЖШС (Сайрам ауданы) ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехы, «Асыл-бастау.kz» ЖШС (Қазығұрт ауданы) майсыз сүт ұнтағы мен майын шығаратын зауыты, «Минеральная вода Арыс» ЖШС (Арыс қаласы) минералды бөтелкеленген және алкогольсіз сусындардың өндірісі.

Одан бөлек, өткен жылы облыстағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 439,1 млрд. теңгені құрап, соның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 236,9 млрд. теңгеге өнім өндірілген. Тиісінше 2017 жылмен салыстырғанда өсім 100,7 пайызды құрап отыр. Ал, өңдеу өнеркәсібінде тамақ өнімдерін өндіру – 3,6,жеңіл өнеркәсібі – 6,3, химиялық өнімдер – 7, фармацевтикалық өнімдер – 4, электр жабдықтарын жасау – 7,3 пайызға өскен.

дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі