ТҮРКІСТАН: Оңтүстіктегі аудандар түрленіп жатыр

0
193

1 000 түп георгина, 1 500 түп гарцания, 1500 түп сальвия, 500 түп анютка және 500 түп раушан сынды гүлдердің бірнеше түрін егу үшін жерді қопсыту жұмыстарын жүргізуде.


ТҮРКІСТАН: Оңтүстіктегі аудандар түрленіп жатыр

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Мақтаарал, Қазығұрт, Келес аудандары түрлене түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Еліміз бойынша «Таза Қазақстан» акциясы барлық жерде жүргізіліп жатыр. Түркістан облысында да акция аясында «Таза өлке» апталығы бойынша тазалық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Науқанның бірінші аптасында Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде жаппай гүл егу жұмыстары басталды. «Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. 1 000 түп георгина, 1 500 түп гарцания, 1500 түп сальвия, 500 түп анютка және 500 түп раушан сынды гүлдердің бірнеше түрін егу үшін жерді қопсыту жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ аудан орталығындағы кәсіпкерлік мекемелер де өз аулаларында көгалдандыру жұмыстарын қолға алуда.


Қазіргі таңда С.Жаштаев көшесінің бойы мен кенттің орталық алаңында гүлдер егілуде. Ол гүлдің бірнеше түрлері Сарыағаш ауданынан әкелінген. Мұндай жұмыстар С.Қожанов көшесінде де жалғасын табады. Сондай-ақ Атакент кентінде де гүл егу жұмыстары жоспарлануда.


Қазығұрт ауданында да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, атаулы акция аясында аудан бойынша 18 633 түп түрлі көшеттер отырғызылып, мекемелер мен қоғамдық орталарға гүлдер егіліп жатыр. Сондай-ақ аудандағы кәсіпорындар, мекемелер өз аулаларында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырып, тазалық және көктемгі жұмыстарды атқарды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына аудан тұрғындары, белсенді жастар, мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілер белсенділік танытуда.


Ал Келесте мемлекеттік қызметшілер күн сайын жұмыс күнінің бір сағатын тазалық, ағаш егу сынды қоршаған ортаның абаттануына арнамақ. «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық тазалыққа жауапты мекеме қызметшілері мен жергілікті тұрғындар аудан аумағындағы қоғамдық орындарды күл-қоқыстан тазартып, ретсіз өсіп кеткен ағаш бұталарды бұтау жұмыстарын атқаруда.