ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданы өнеркәсіп саласы бойынша үшінші орында

0
1 837

Ордабасы ауданы «Бизнестің жол картасы 2020» салалық бағдарламасын іске асыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданы өнеркәсіп саласы бойынша үшінші орында

Ордабасы ауданында инвестиция тарту бойынша өткен жылмен кезеңімен салыстырғанда көлемі артқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ордабасы ауданы 2019 жылдың 5 айында өнеркәсіп саласы бойынша 8 млрд. 060 млн. теңгеге өнім өндірген. Бұл көрсеткіш бойынша аудан облыс көлемінде 3-орынға ие.

Ауданда өнеркәсіп өнімін өндіретін кәсіпорынның саны қазіргі таңда 31-ге жетіп отыр. Бүгінде аудан бойынша даму бағыты айқын емес, тоқтап тұрған өндірістік кәсіпорын жоқ.

Биыл өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты өнім көлемі 7 млрд.366 млн теңгені құраса, тартылған инвестицияның жалпы көлемі 5 млрд. 499 млн. теңгені құрап отыр. Инвестиция тарту бойынша өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125,7% артқан.

Ал, аудан бойынша экспорттаушы кәсіпорындардың саны 6 бірлікті құрауда. Атап айтқанда, «Ордабасы құс» күрке тауық етін, «Аделя» шаруа қожалығы көкөніс, «Нұр Агро» ЖШС мақта талшығын,«Ордабасы нан» ұн өнімін, «Сейітбек әулеті» шаруа қожалығы қызыл мия дәрілік сұйықтық қоспасын алыс-жақын шетелдерге экспорттауда. 2019 жылы ауданда тағы бір жобамен толығады. Ол «Green Technology Industries»ЖШС кезеңі (ІІ кезеңі) жылына 3000 тонна ПЭТ қалдықтарды шығару және штапельді талшық өнімін экспортқа шығаруды жоспарлауда.