ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындалды

0
3 362


ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сурет Қайрат Жолдыбайұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының әкімі болып Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол 1981 жылы Шардара қаласында туылған. Мектепті сонда бітіргеннен кейін, 2003 жылы С.Сейфулин атындағы Қазақ аграрлық университетінде экономист-менеджер мамандығын бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы оқу кезінде АҚШ-тағы Джорджия университетінде «Universiti of Georgia» оқығанын да айта кеткен жөн. Ал, еңбек жолын 2003 жылы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік жоспарлау департаментінде жетекші маман болып бастаған. Мұнан соң 2005-2008 жылдар аралығында Қаржы министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы лауазымдарын атқарыпты. 2008 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенатында қызмет жасаған. Бұған дейін Шардара ауданы әкімінің орынбасары қызметін де атқарған.

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен, Ордабасы аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Ордабасы ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.