ТҮРКІСТАН: Ордабасыда ауқымды тігін фабрикасы іске қосылады

0
164

Нәтижесінде ауданда 1 212 жұмыс орны ашылады.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда ауқымды тігін фабрикасы іске қосылады

Ордабасы ауданында биыл 500 жұмыс орнымен тігін фабрикасы іске қосылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданында биыл инвестициялық құны 37,7 млрд теңгені құрайтын 12 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде ауданда 1 212 жұмыс орны ашылады. Бұл жайында брифингте аудан әкімі Азат Оралбаев мәлімдеді.


«Бүгінде ауданда тұрғындарды жұмыспен қамту аясында біршама жұмыстар атқарылуда. Осы орайда «Jnray» ЖШС-і тігін фабикасын іске қоспақ. Жоба аясында 500 жұмыс орны құрылады. Одан бөлек, «Central Аsia Aluminum» ЖШС-ң алюминий профильдерін өндіру жобасы аясында 200 жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, алдағы уақытта аудандағы «Бөрте милка» сүт өңдеу зауыты өндірістік қуаттылығын тәулігіне 8 тоннаға дейін ұлғайтуды қолға алған. Бұдан бөлек, мал бордақылау кешендерін салу және балық шаруашылығын дамыту жобалары іске асады»,- дейді аудан әкімі.


Айта кетсек, аудандағы 57 елді мекеннің 54-і сапалы ауыз сумен қамтылған. 2025 жылға қарай аудан тұрғындары 100% таза, сапалы ауыз сумен қамтылмақ. Сонымен қатар, ауданда 57 елді мекеннің 16-сы табиғи газбен қамтылса, жыл соңында тағы да 7 елді мекен газға қосылмақ.