ТҮРКІСТАН: Ордабасыда дәнді дақылға орақ түсті

0
502

Дәндік жүгерінің бір келісі 100 теңгеден сатылып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда дәнді дақылға орақ түсті

Ордабасы ауданы Бөген ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтары күзгі жүгері орымына кірісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде алқаптан алынған дәнді дақыл аудандағы ірі өндіріс ошақтарымен түзілген меморандум аясында қамбаларға жеткізілуде. Ал, жекелеген шаруалар дайын өнімдерін тиімді бағада саудалап жатыр.


Биылғы ауыл шаруашылық дақылдарының түсім көрсеткішін есептеу үшін аудандық статистика басқармасының басшысы Манзура Шәмшидинова жүгері алқаптарын аралап, шаруалармен кездесті. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Әбілда Әлібековтың мәліметінше, ауданда 9692 гектар аумаққа дәндік жүгері дақылы егілген. Осы уақыт аралығында жүгерінің 4697 гектары орылып, гектарына 120,0 центнерден жалпы 56364 тонна өнім жиналған.


Күзгі дала жұмыстарына 22 бірлік техника 102 тіркемесімен тартылып, 70 шақты азамат дақыл ору науқанына жұмылдырылған. Жүгері жинау науқаны әлі де жалғасып жатыр. Нарық заңдылықтарына сәйкес, дәндік жүгерінің бір келісі 100 теңгеден сатылып жатыр.