ТҮРКІСТАН: Ордабасыда кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм саласының дамуы қарқынды

0
1 476

Бүгінде ауданда өңірлік кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында 2018 жылы инвестиция көлемі 2 449 млн. теңгені құрап, 116 жұмыс орнымен 3 жоба іске қосылды.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда  кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм саласының дамуы қарқынды

Ордабасы ауданында 2019-2021 жылдар аралығында 10 жоба іске асырылып, 904 бос жұмыс орындары ашылмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауданда кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм саласы бойынша даму концепциясы әзірленген болатын. Бүгінде өңірлік кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында 2018 жылы инвестиция көлемі 2 449 млн. теңгені құрап, 116 жұмыс орынымен 3 жоба іске қосылды.

2019 жылдың 5 айына шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы белсенді субьектілер 10 476 бірлік жалпы тіркелген. Қаңтар-ақпан айында ШОБ субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 13 млрд 073 млн теңгені құраған. Шағын несие ұйымдары арқылы 1 597 адаммен арықылы 1 млрд 098 млн теңгенә игеріп отыр.

Сондай-ақ ауданда, 2019-2021 жылдар аралығында инвестициялық құны 171 млрд 377 млн теңге құрайтын «Жобалық басқару кеңсесі» жобасы аясында 904 жұмыс орнымен 10 жоба іске асырылады деп күтілуде.

Оның ішінде өнеркәсіп саласы бойынша 2 жоба, экспортқа өнім өндіру 2 жоба, инвестициялық 1 жоба, шағын кәсіпкерлік саласында 3 жоба және де туризм саласында бойынша 2 жоба іске асырылу жоспарлануда.

Сонымен, қатар, «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы бойынша 26 жоба өткізілген. Ордабасы ауданы бүгінгі таңда Түркестан қаласынан кейін 2 орында тұр. Бүгінгі күнге 37 жоба қаралып, оның ішінде 21 мақұлданып, 13 жүзеге асырылуда, ал 3-і кепіл мүлкі болмауы есебінен қозғалыссыз тұр.