ТҮРКІСТАН: Ордабасыда тірліктің көзін тапқан іскер әйелдер көп

0
634

Олар тапсырыс бойынша бұйым тігумен айналысуда.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда тірліктің көзін тапқан іскер әйелдер көп

Ордабасы ауданында «Алтын ине» тақырыбында мастер-класс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округіне қарасты Бадам елдімекеніндегі «Садық ата» мешітінде әйелдер ұстазы Ұлбала Есекееваның ұйымдастыруымен «Алтын ине» тақырыбында мастер-класс өтті. Шеберлік сағатына қатысқан ауылдың қыз-келіншектері киім тігуді, пішіуді және де қолөнер бұйымдарын жасауды үйренді.


Бадам ауылының тағы бір ісмер тұрғыны Назым Назарова 2017 жылы «Өрлеу» жобасына қатысып, мемлекеттен қаржылай көмек алған. Нәтижесінде 2018 жылы жеке Назым тігін шеберханасын ашқан. Қазіргі уақытта сол тігін шеберханасында тапсырыстар бойынша бұйымдар тігумен айналысуда.