ТҮРКІСТАН: Ордабасыда веломарафон өтті

0
714

Сайысқа 18-35 жас аралығындағы 100-ге жуық адам қатысып бақтарын сынады.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда веломарафон өтті

Ордабасы ауданында мемлекеттік қызметшілер мен ауыл тұрғындары арасында веломарафон өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданының орталығы Темірланда «Денсаулық фестивалі» мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілер мен ауыл тұрғындары арасында веломарафон өтті. Орталық алаңнан басталған марафонның ашылуына аудан әкімі Азат Оралбаев қатысып, бұқаралық спортты дамытуға арналған шараға сәттілік тіледі.


Сайысқа 18-35 жас аралығындағы 100-ге жуық адам қатысып бақтарын сынады. Марафонның мәресіне жастар арасында бірінші болып Бағжан Орынбеков топ жарып, екінші орынды Елжан Оспанов иеленді. Ал жүлделі үшінші орын Пайыз Жәмәділге бұйырды. Сондай-ақ, ересектер арасында Мұхаммедәлі Сағынтай бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Нұрбол Батырбеков иеленсе, үшінші орынды Қанат Адильханов жеңіп алды. Жарыс соңында аудан әкімі жүлде алған спортшыларға сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыстады.