ТҮРКІСТАН: Ордабасылық балалар қуанышқа бөленді

0
583

Аудан әкімінің атынан іс-шараға жиналған бүлдіршіндерге тегін балмұздақ үлестірілді.


ТҮРКІСТАН: Ордабасылық балалар қуанышқа бөленді

Ордабасы ауданында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданының орталығы Темірланда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Орталық саябақта мерекелік іс-шара өтті. Бүлдіршіндерді қуантуға арналған жиынға аудан әкімі Бағлан Батыршаев арнайы қатысып, балдырғандарды мейрамымен құттықтады.


«Жас толқын» балалар мен жасөспірімдер театры түрлі концерттік бағдарламалар ұйымдастырып, алаңға жиналған балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Аудан әкімінің атынан іс-шараға жиналған бүлдіршіндерге тегін балмұздақ үлестірілді.


Аймақ басшысы Бағлан Дәнебекұлы жас бүлдіршіндердің қойылымын тамашалап, өнерлі жастардың шығармашылығына табыс, жазғы демалыстарының қызықты өтуіне тілектестігін айтты. Осылайша жасөкіндердің жыл сайын асыға күтетін жаздың алғашқы күніндегі айтулы мерекесі аудан көлемінде, барлық ауылдық округтерде есте қаларлықтай аталып өтті.