ТҮРКІСТАН: Ордабасылықтар ішімдік саудасын тоқтатуға кірісті

0
670

Кәсіпкерлер мен тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Ордабасылықтар ішімдік саудасын тоқтатуға кірісті

Ордабасы ауданында спирттік ішімдік сатпау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ел аумағында төтенше жағдай кезінде азаматтарды ақыл-есінен адастыратын заттардан аулақ болуға, дүкендерде спирттік ішімдіктер сатпау мақсатында Ордабасы ауданында ауқымды жұмыстар қолға алынды.


Атап өтсек, коменданттық сағат кезінде құрылған «еріктілер» жасағы ауылдық округ орталықтарындағы дүкендер мен сауда орындарын аралап, жеке кәсіпкерлер мен тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.


«Жыл басында мемлекет қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке қауіп төндірген бүлікшілер арасында алкогольді ішімдік пен есірткіге тәуелді азаматтардың бар екені белгілі болды», - делінген әкімдік ақпаратында.