ТҮРКІСТАН: Ордабасылықтарға 47 вагон көмір таратылған

0
55

Әр тоннасы 17 900 теңгеден саудалануда.


ТҮРКІСТАН: Ордабасылықтарға 47 вагон көмір таратылған

Ордабасы ауданының әкімі жылу беру маусымына дайындық барысын пысықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды тиісті сала басшыларына, аудан, қала әкімдеріне жылыту маусымына дайындықты сапалы жүргізуді тапсырған болатын. Осы бағытта Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев жылу беру маусымына дайындық барысын пысықтау үшін Бадам ауылдық округіне барды.


Аудан басшысы округ аумағында орналасқан қатты отын сақтайтын қойманы аралап, ауыл тұрғындарына қажетті көмірдің көлемі мен бағасын егжей-тегжейлі зерделеді.


Сондай-ақ, ауылдық округ әкіміне қысқы жылыту маусымына қажетті көмір қорының нақты көлемін нақтылап, баға тұрақтылығын назарға ұстауды тапсырды.


Іссапар барысында «КазГранитБадам» тұйығын аралап көрді. Аталған ЖШС облыс көлеміндегі 16 оператор қатарына енгізілген, бүгінгі таңда «Шұбаркөл» көмірін жеткізуші мердігермен келіссөздер жүргізілген.


Қазіргі таңда аталған тұйыққа 47 вагон (3 243 тонна) қатты отын келіп, барлығы тұрғындарға таратылған. Әр тоннасы 17 900 теңгеден саудалануда. Айта кетерлігі, бір мезетте тұйыққа 5 вагон көмір (40 мың тонна) кіре алады.


Жалпы аудан бойынша 57 елді мекенде 21 610 үй саны тіркелген. Оның ішінде, 9 елді мекенге табиғи газ жүйесі жүргізілген және 4 564 үй табиғи газ жүйесіне қосылған. Ал 17 046 үй қатты отын пайдалануда.