«Turkistan» орталығы 1200-ге жуық бизнес жобаны сүйемелдеген

0
301

Биыл орталық бизнес-қауымдастықтың негізгі қызметі кәсіпкерлікті дамыту мен ел ішіндегі бизнес-ахуалды одан әрі жақсарта түсуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырмақ.


«Turkistan» орталығы 1200-ге жуық бизнес жобаны сүйемелдеген

«Turkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 1200-ге жуық бизнес жобаны сүйемелдеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басшысы Сапаралы Құрбанов мәлімдеді.


«Орталық құрылғалы бері отандық бизнес үшін тиімді мүмкіндіктер ашылып келеді. Билік пен бизнес арасында, орталық пен кәсіпкерлер арасында диалог орнап, кәсіпкерлер үлкен қолдауға ие болды. Айта кетсем, өткен жылы орталық арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында 1 175 жоба сүйемелденіп қаржыландырылды. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша - 770, егін шаруашылығы бойынша - 157, өндіріс саласы бойынша - 55, қызмет көрсету бойынша - 118 , айналым қаражаты - 75 жоба. Жалпы сүйемелденген жоба сомасы - 7 920 997 874 теңге. Одан бөлек, орталық мамандары тарапынан былтыр 1 862 құжат рәсімделіп, басқа да құжаттар бойынша 1 242 қызмет көрсетілді», - деді Сапаралы Әділханұлы.


Мекеме басшысының мәлімдеуінше, биыл орталық бизнес-қауымдастықтың негізгі қызметі кәсіпкерлікті дамыту мен ел ішіндегі бизнес-ахуалды одан әрі жақсарта түсуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырмақ.