ТҮРКІСТАН: Отырар ауданы «Өнерлі өлке» фестивалінің жеңімпазы атанды

0
2 585

«Газель» автокөлігі табысталды.


ТҮРКІСТАН: Отырар ауданы «Өнерлі өлке» фестивалінің жеңімпазы атанды

Түркістанда облыстық «Өнерлі өлке» өнер фестивалінің жеңімпаздарын марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс орталығында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заңым – айбыным!» атты шара өтті. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды өңір тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, Түркістанның 5 жыл ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды.

Сонымен қатар, өңір басшысы өңір басшысы Түркістан облысының 5 жылдығы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен сәуір-тамыз айлары аралығында аудан, қалалық өнер шеберлерінің қатысуымен өткен облыстық «Өнерлі өлке» өнер фестивалінің жеңімпаздарын марапаттады.


Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде иегері Отырар ауданына «Газель» автокөлігін, жүлделі І орын иегері Шардара ауданына жеңіл автокөлік табыстады. Жүлделі ІІ орын иеленген Мақтаарал ауданы мен Келес ауданы дыбыс жазу студиясына ие болды. Ал жүлделі ІІІ орын алған Түркістан қаласы, Сайрам ауданы мен Сарыағаш ауданына музыкалық аппаратура сыйға берілді. Сондай-ақ 500 мың теңге сыйақысымен облыстық өнер фестивалінің «Әнім сенсің туған жер» арнайы жүлдесімен Жетісай ауданы, «Өнерлі өлке» арнайы жүлдесімен Созақ ауданы «Мәдениетім – мерейім» арнайы жүлдесімен Төлеби ауданы, «Салт дәстүрім – қазынам» арнайы жүлдесімен Бәйдібек ауданы марапатталды.