ТҮРКІСТАН: Отырар ауданына әкім тағайындалды

0
154

Отырар аудандық мәслихаттың келісімі және облыс әкімінің өкімімен Жүнісов Әбдіғали Айтжанұлы Отырар ауданын басқаратын болады.


ТҮРКІСТАН: Отырар ауданына әкім тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің, аудандық мәслихаттың келісімі және облыс әкімінің өкімімен Жүнісов Әбдіғали Айтжанұлы Отырар ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әбдіғали Айтжанұлы еңбек жолын Қызылқұм ауданы Тұтынушылар одағы құрылыс бригадасының сыршы-сылақшысы, Кеңес әскері қатарында, Қызылқұм ауданы «Госкомсельхозтехника» МТЖ базасының жұмысшысы, жүргізушісі, инженер-технологы, Қызылқұм аудандық комсомол комитетінің сектор меңгерушісі, бөлім бастығының орынбасары, «Госкомсельхозтехника» МТЖ базасының бас инженері, Украина КCP, «Херсон комбайн зауыты» тірек базасының аға инженері, бастығы, Облыстық Тұтынушылар одағының Қызылқұм автокөлік кәсіпорнының директоры, Отырар орман шаруашылығының инженер-механигі, «Оңтүстік орманы» ЖШС Отырар ауланындағы филиалының директоры, Отырар ауданы, Шілік ауыл округінің әкімі, «Отырар-Агро» ЖШС директоры, Отырар ауданы, Ақтөбе ауыл округінің әкімі, Отырар ауданы әкімінің кеңесшісі, Отырар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС директордың орынбасары, директоры, Отырар ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, Отырар ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет