ТҮРКІСТАН: Отырар мұз құрсауында қалды (видео, фото)

0
2 842

Отырарлық тұрғындар қашанға дейін жарықсыз, байланыссыз отыратындары белгісіз.


ТҮРКІСТАН: Отырар мұз құрсауында қалды (видео, фото)

Түркістан облысы Отырар ауданында ауарайы күрт бұзылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысына қарасты бірнеше ауданда ауарайы күрт бұзылып, Отырар ауданы мұз құрсауында қалды. 13 наурыз күні басталған жауын-шашынның арты қарға, одан кейін дауылға ұласып, табиғат тосын мінез көрсеткен. Орын алған табиғи төтенше жағдайдың әсерінен электр бағандары сынып, жарық желілері істен шыққан және ұялы байланыс өшіп қалған. Ағаш бұтақтары сынып, кей құстарға дейін мұз қатып қалған. Автокөлік жолдары көк мұз. Отырарлық тұрғындар қашанға дейін жарықсыз, байланыссыз отыратындары белгісіз.

Әлеуметтік желіде табиғи апаттың салдарына дәлел болатын көптеген фото, видео ақпараттар тарап жатыр.