ТҮРКІСТАН: Отырарда еліміздегі тұңғыш сапар орталығы ашылды

0
63

Сапар орталығы музей қорына түсіп отыратын экспонаттар үшін бірінші және екінші қабаттарда экспозициялық залдарынан, музей мамандары және Отырар қалажұртында қазба жүргізетін археологтар үшін 16 орындық жатақхана ғимаратын қамтиды.


ТҮРКІСТАН: Отырарда  еліміздегі тұңғыш сапар орталығы ашылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай еліміздегі ең алғашқы Сапар орталығы Түркістан облысының Отырар ауданында ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Отырар қалажұрты маңынан салынған Сапар орталығының ашылу салтанатына Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова, композитор, шәмшітанушы, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі Қалдыбек Құрманәлі қатысып, лентасын қиды.

«Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында салынған «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі жанындағы Сапар орталығы Отырар оазисінің мәдени мұрасын еліміз бен шетелдерде насихаттау, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар, туризм саласының заманауи талаптарына сай туристік орталық жасау мақсатында жұмыс атқарады», делінген хабарламада.

Сонымен қатар Отырар қорық-музейінің базасында коммуникация, мәдени ақпарат және шығармашылық инновацияларды дамыту бағытында да қызмет атқаратын бірегей нысанға айналмақ. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің функцияларын мәдени-ағарту мен имидждік орталық деңгейіне дейін кеңейтіп, тарих ғылымы, археология, реставрация, өнертану, этнографиямен ұштастыруға жағдай жасау да жоспарланған. Сапар орталығы музей қорына түсіп отыратын экспонаттар үшін бірінші және екінші қабаттарда экспозициялық залдарынан және музей мамандары және Отырар қалажұртында қазба жүргізетін археологтар үшін 16 орындық жатақхана ғимаратын қамтиды.

Отырардағы шара «Отырар қалажұрты - Қазақстанда археологиялық ескерткіштерді зерттеу, сақтау және пайдалану ісінің озық үлгісі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасын тапты. Конференция барысында археология саласының жетістіктері, Отырар қалажұртындағы нысандардағы реставрациялық жұмыстар нәтижелері және музей қорын жасақтау, реставрациялау, сақтау мәселелері бойынша баяндамалар оқылып, мәдени инфрақұрылымды кеңейту, тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеу және насихаттау жұмыстарын жүргізу, мәдени мұраларды зерттеудің толықтай жүйесін құру мәселелері талқыланды. Жиынға келген қонақтар туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Арыстанбаб кесенесі мен Отырар қалажұртының сыртқы қақпа алдына жүргізілген абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, БАҚ өкілдері, облыстық және жергілікті басқару органдары, республикалық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, зиялы қауым, туристік агенттік өкілдері, республикалық және облыстық музей қызметкерлері ұлттық-мәдени орталықтар, орта білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет