ТҮРКІСТАН: Отырарда халықаралық жәрмеңкесінің үздіктері анықталды

0
505

Мұндағы тоқыма және зергерлік бұйымдары көпшіліктің қызығушылығын тудырды.


ТҮРКІСТАН: Отырарда халықаралық жәрмеңкесінің үздіктері анықталды

Отырарда халықаралық қолөнер шеберлері жәрмеңкесінің үздіктері анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бабалар мұрасын бүгінге жеткізген Отырарда «Ұлы Жібек жолы бойындағы тоқыма және зергерлік өнер» тақырыбында Халықаралық қолөнер шеберлері жәрмеңкесі өтті. Екі күн бойы жалпы 2000-ға жуық келуші Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзербайжан мемлекеттері мен еліміздің барлық аймағынан келген 50-ден астам шебердің қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесін тамашалады. Мұндағы тоқыма және зергерлік бұйымдары көпшіліктің қызығушылығын тудырды.


Әділ қазылар хас шеберлердің өнерін жіті бақылап, үздік деп танылған қатысушыларды марапаттады. Жеңімпаздарға сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтары, сонымен қатар арнайы номинациялар табысталды.


Халықаралық жәрмеңкеде қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Гарлиева Женнет мен (Түркіменстан), Наурызбаев Абдуллаға (Шымкент қаласы) бұйырды. Салих Гиргич (Түркия) пен Абдубайтова Айжан (Алматы) жүлделі I орынды, Атыраубаев Болат (Ақтөбе облысы) пен Симова Бибажар (Шымкент қаласы), Айдос Нұржамал (Алматы қаласы) мен Рафиков Икрамжан (Шымкент қаласы) жүлделі II орынды, Тілек Сұлтан (Алматы облысы) мен Ахметова Мадина (Шымкент қаласы), Айдарша Мереке (Түркістан облысы) мен Әбдірейм Сұлтанғали (Түркістан облысы) жүлделі III орынды иеленді. Ал үздік деп танылған Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облысынан және Өзбекстан, Қырғызстан мемлекетінен келген қатысушыларға «Тұран зергері» номинациясы табысталды.


Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, келушілер көтеріңкі көңіл күйде тарқасты. Жәрмеңкеден соң ұйымдастырушылар тарапынан қонақтар мен қатысушыларға тарихи-мәдени орындарға экскурсия ұйымдастырылды.


Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы» қорының қолдауымен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ы ұйымдастырған.