ТҮРКІСТАН: Отырар ауданының әкімі мал ұрлығына тосқауыл қоюды тапсырды

0
977

Отырар ауданында мал ұрлығына байланысты жиын өткізілді.


ТҮРКІСТАН: Отырар ауданының әкімі мал ұрлығына тосқауыл қоюды тапсырды

Түркістан облысы, Отырар ауданында мал ұрлығына тосқауыл қою мақсатында сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Отырар аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Әбдіғали Жүнісовтің төрағалығымен қазіргі таңда ауданымызда белең алып отырған мал ұрлығын ауыздықтау мәселесіне байланысты арнайы жиын өткізілді. Жиынды ашқан аудан әкімі күн тәртібіне ұсынылып отырған мәселенің аудан тұрғындары үшін өзекті екендігін тілге тиек етіп, осыған байланысты аудан көлемінде нақты қандай жұмыстардың атқарылып жатқандығы жөнінде тиісті азаматтардың есептерін тыңдады.

Жиында сөз алған жергілікті полиция қызметінің басшысы М.Бөрібеков аудан көлемінде орын алып отырған мал ұрлығына байланысты түйіткілді мәселелерді сөз ете отырып, оған қарсы атқарылып жатқан шаралар барысын таныстырды.
Жүйелі жұмыстың пайдалы тұстарына орай үш жақты келісімді негізге ала отырып малдарды сырғалау және ұрлықы малдарды дер кезінде анықтау мақсатында рейдттік тексерістерді тұрақты түрде өткізіп отырудың кім-кімге болса да тиімді екендігі баса айтылған жиында аудан басшысы тиісті салалардың басшыларына күн тәртібіндегі өзекті мәселеге байланысты нақты тапсырмалар жүктеді.