ТҮРКІСТАН: Отырарлық азамат көпбалалы анаға 6 бөлмелі үй салып жатыр

0
684

Бұдан бөлек, Ақкөл елдімекеніндегі аз камтылған отбасыға құны 12,5 миллион тұратын баспана салып берген еді.


ТҮРКІСТАН: Отырарлық азамат көпбалалы анаға 6 бөлмелі үй салып жатыр

Отырарлық қайырымды азамат көпбалалы анаға 6 бөлмелі үй салып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсететін қайырымды жандар көп. Соның бірі - Балтакөл ауыл округінде мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүрген Балтабай Асанов есімді азамат.


Қайырымды жанның қолдауымен 2021 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында «№14 Емдеу орталығы» ЖШС-нің қызметкерлері Балтакөл ауылдық ауруханасында үш күн бойы қызмет көрсеткен болатын. Қызмет көрсету барысында 897 адам толық тексеруден өтті. Бұдан бөлек, Ақкөл елдімекеніндегі аз камтылған отбасыға құны 12,5 миллион тұратын баспана салып берген.


Қайырымды азамат мұнымен шектеліп қалмады.Таяуда Балтабай Тасболатұлының демеушілігімен Ақкөл елдімекенінде тағы бір отбасыға арналған алты бөлмелі тұрғын үйдің іргетасы қаланды. Аталған жұмыстарға ауыл жастары мен белсенді азаматтар атсалысып, көмек беріп жатыр. Салынып жатқан тұрғын үй әлеуметтік жағынан аз қамтылған жалғызбасты көпбалалы анаға берілмек.