ТҮРКІСТАН: Отырарлық кітапханашы облыстық байқаудың жеңімпазы атанды

0
739

Аудан-қалалардан 15 қатысушы қатысып, 3 кезең бойынша сайысқа түсті.


ТҮРКІСТАН: Отырарлық кітапханашы облыстық байқаудың жеңімпазы атанды

«Түркістанның таңдаулы кітапханашысы – 2023» облыстық жас кітапханашылар байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда «Түркістанның таңдаулы кітапханашысы – 2023» облыстық жас кітапханашылар байқауы өтті. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен байқау қоғамдағы кітапханашы мәртебесіне ерекше назар аудара отырып, кітапханашылардың заман талабына сай болуына, іскерлік қабілеттерін дамытуға ықпал етіп, жас мамандардың таңдаған мамандығы туралы ойын бір жүйеге келтіріп, өнімді әрі сапалы жұмыс істеуіне көмектесуді мақсат еткен. Аудан-қалалардан 15 қатысушы қатысып, 3 кезең бойынша сайысқа түсті.


Аталған сайыста облыстық мәдениет және туризм басқармасының бас маманы Нұрдәулет Сұлтанбек, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова, «Фараб» кітапханасының бөлім меңгерушісі Дана Байдәулетова төрелік жасады.


Байқау нәтежиесі бойынша «Жас библио – көшбасшы – 2023» номинациясын Созақ ауданынан келген Жұмабаева Балнұр, «Креативті, талантты тұлға» Кентау қаласының кітапханашысы Жұмабекова Толғанай иеленді. Жүлделі ІІІ орынды Қазығұрт ауданының жас маманы Айтубаева Мөлдір иеленсе, ІІ орынды сарыағаштық маман Ергешова Ақмарал алды. Төлебилік Турдиева Балгерім І орын иегері атанса, бас жүлдені Отырар ауданының кітапханашысы Жанпейсова Шолпан қанжығасына байлады. Қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.