ТҮРКІСТАН: Отырарлық оқушылар өзара сайысқа түсті

0
546

Жазғы демалыс орнында биыл Отырар ауданынан 900 бала демалып қайтпақ.


ТҮРКІСТАН: Отырарлық оқушылар өзара сайысқа түсті

Отырарлық оқушылар жазғы лагерьде патриоттық әндер шырқап, асық атудан сайысқа түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданында балалардың жазғы демалысын көңілді әрі қызықты өткізу мақсатында Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылындағы Отырар жазғы сауықтыру лагерінде барлық жағдай жасалған.


Осы орайда, аталған жазғы демалыс орнында биыл Отырар ауданынан 900 бала демалып қайтпақ. Жанға рақат сыйлаған лагерде сурет салудан байқау мен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін таңғы жаттығу, флешмоб ұйымдастырылып, балалардың көңілін сергіту жұмыстары атқарылып келеді.


Көңілге шуақ төккен көрікті мекенде әр күні қызықты, мазмұнды болып өткен демалысқа ата-аналар да, жазғы демалысын өткізген балаларда дән риза. Мұнда балалардың демалыс уақытын тиімді пайдалану үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жасөспірімдер арасында спорттың шахмат, дойбы, арқан тарту, ләңгі, асық ату ойындарынан сайыстар өткізіліп келеді. Жас жеткіншектер мұнда өз өнерлерін паш етіп, патриоттық әндерді шырқады.


Балалар лагерінде ойын алаңдары, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру орталығы, жазғы бассейн тегін қызмет көрсетеді. Демалушы балалар ыстық тамақпен, жатын орындармен қамтамасыз етілген.